Ресей зауытында қазақстандықтардың қаза табуы: қылмыстық іс қозғалды
Ресейдің «Северсталь» компаниясына қарайтын Череповец металлургия комбинатының өндіріс аумағында Қазақстанның екі азаматының мәйіті табылды.
Қайғылы оқиға жайлы «Северсталь» компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«14 қаңтарда ЧерМК өнеркәсіптік алаңының аумағында мердігер ұйымдардың қызметкерлері, Қазақстанның екі азаматы, жансыз күйде табылды. Қазіргі уақытта өлім себебі анықталып жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істейді. Қызметкерлердің туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп мәлімдеді компания.

Қылмыстық іс қозғалды
РФ Тергеу комитеті Череповецк металлургия комбинатында екі жұмысшының қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Ведомствоның аймақтық басқармасы хабарлағандай, жұмысшылар өлімінің болжалды себебі – жеке қорғаныс құралдарынсыз пешті ашу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Екі адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау талаптарын бұзу туралы бап бойынша іс қозғалды. Тергеушілер қажетті техникалық құжаттарды тәркіледі, қазіргі уақытта оқиғаның куәгерлерінен жауап алынып жатыр.
12:07
44
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.