Ресей Юрий Дудьті «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізді

Ресейдің Қаржы мониторингі федералдық қызметі (Росфинмониторинг) журналист әрі видеоблогер Юрий Дудьті «террористер мен экстремистер» тізіліміне енгізді.


24/09/2026
09:14 0

Дудьке қатысты қылмыстық істер

 

Ведомствоның тізімінде Дудьтің аты-жөні жұлдызшамен белгіленген. Росфинмониторинг мұндай белгіні терроризмге қатысы болуы мүмкін деген мәлімет бар адамдардың аты-жөніне қояды.

 

Еске салайық, 2025 жылғы қарашада Мәскеу соты Юрий Дудьті «шетелдік агент» ретінде белгілену тәртібін бұзды деп танып, оны сырттай бір жыл он айға жалпы режимдегі колонияға соттаған.

 

Іске журналистің тиісті белгі қоймай жариялаған материалдары, сондай-ақ 2025 жылғы мамырда жарияланған бірнеше жазбасы негіз болған.

 

Бұған дейін, 2025 жылғы шілдеде Дудьке қатысты «шетелдік агент» міндеттерін орындамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сол кезде сот журналисті сырттай қамауға алу туралы шешім де шығарған.

 

Оған дейін Мәскеу соттарына журналистке қатысты бірнеше әкімшілік хаттама түскен. Олардың қатарында Артемий Лебедевпен сұхбатына және Telegram-дағы жарияланымдарына қатысты істер де бар.

 

 «Шетелдік агент» деп танылуы

 

Юрий Дудь Ресейдің «шетелдік агенттер» тізіліміне 2022 жылғы сәуірде енгізілген.

 

Қазір журналист Ресейде тұрмайды.

 

Бұған дейін Дудь Александр Незлобинге берген сұхбатында Қазақстанға келуден қауіптенетінін айтқан. Оның сөзінше, елге келген жағдайда Ресейге экстрадициялану қаупі бар деп алаңдайды.

Поделиться

Нет комментариев.

24/09/2026 09:14
0

Уведомление