Рэпер Navai-дің қамауға алынуы: Ресей Қазақстанға нота жолдады
Navai – Ресейдің танымал HammAli & Navai дуэтінің мүшесі.
Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы ресейлік рэпер Navai (Наваи Бакиров) екі айға қамауға алынғаннан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық нота жолдады.
Ресейлік дипломаттар ресми хатта Ресей азаматының ұсталуына қатысты жағдайды түсіндіруді және ресми пікір беруді сұраған. Сондай-ақ әртіске қажетті консулдық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.
Бұған дейін Жамбыл облысының полиция департаменті Navai-ға қатысты есірткіні заңсыз сақтау және оны контрабандалық жолмен алып өтуге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Музыкант 2026 жылғы 13 қазанға қараған түні Қырғызстаннан Қазақстанға кірмек болған кезде «Қордай» шекара бекетінде ұсталған.
Сот Наваи Бакировты екі айға қамауға санкция берді. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.
Осы оқиғадан кейін рэпердің 14 қазанға жоспарланған Астанадағы концерті өтпейтін болды. Сондай-ақ оның күзгі гастрольдік сапарына билеттер сату уақытша тоқтатылды.
Әртістің қорғаушылары бұлтартпау шарасына шағым түсіріп, оны кепілмен босатуға қол жеткізуді көздеп отыр.
08:27
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.