Популярные тэги

Референдум кезінде қандай ұйымдар азаматтардың пікірін білуге құқылы?

15 наурызда өтетін референдум кезінде азаматтардан пікір сұрай алатын ұйымдар тізімі бекітілді.


20/02/2026
16:52 86 0

Орталық референдум комиссиясы 6 ұйым атауын жариялады:

 

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі – сауал қою әдісі: «face to face» сұхбаты;

 

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты» ЖШС – сауал салу әдісі: телефон арқылы сауал қою;

 

«DATAMETRICS» ЖШС – сауал қою әдісі: CAPI технологиясын қолдана отырып, «face to face» жеке сұхбат әдісі арқылы;

 

«AMANAT партиясының қоғамдық саясат институты» жекеменшік мекемесі – сауал салу әдісі: сайлау учаскелерінен шығу кезінде «face to face» сұхбаты, телефон арқылы сауал қою, интернет арқылы сауал қою және exit-poll жүргізу арқылы жаппай сауал қою әдістері қолданылады;

 

«Еуразиялық интеграция институты» ЖШС – сауал қою әдісі: референдумда дауыс беру күні сайлау учаскелерінің шыға берісте қоғамдық пікір сауал қою exit-poll, сондай-ақ социологиялық зерттеулердің басқа түрлері де қолданылады (фокус-топтық пікірталас, сараптамалық сауал салу, «бетпе-бет» арқылы жаппай сауал қою);

 

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ – сауал қою әдісі: телефон арқылы сауал қою.

 

Еске салайық, 11 ақпанда президент Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қойды. Референдумда қазақстандықтар жаңа Конституцияның тағдырын шешеді.

Поделиться

Нет комментариев.

20/02/2026 16:52
86 0

Уведомление