Референдум: 130 мыңға жуық адамның дауысы есепке алынбаған
ОРК басшысы Нұрлан Әбдіров Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Masa media.
Қолдағандар мен қарсы болғандар
Жалпы референдумға 9 127 192 адам қатысқан. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 73,12%-ы.
Оның ішінде 7 954 667 адам референдумда Конституцияны өзгертуді қолдаған. Бұл дауыс бергендердің 87,15%-ы.
Ал 898 099 адам Конституцияны өзгертуге қарсы болған. Сондай-ақ 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған. 127 868 бюллетень жарамды деп танылғанына қарамастан, дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.
Exit poll нәтижесі
Еске салайық, Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижесінде референдумда дауыс бергендердің 86,7%-ы жаңа Конституция жобасын қолдаған.
«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген exit-poll нәтижесінде дауыс бергендердің 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деген нұсқаны таңдаған.
«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll деректеріне сәйкес, жаңа Конституцияны 88,6% азамат қолдап дауыс берген.
11:54
23
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.