Популярные тэги

Рамазан мен Ораза айт қашан басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни күнтізбені бекітті.


13/01/2026
17:42 54 0

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені бекітті», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

 

Рамазан айы қашан басталады?

 

Бекітілген күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, Қадір түні 16-дан 17 наурызға қараған түні өтеді.

 

Қазақстандықтар Ораза айт мерекесін 20 наурызда атап өтеді, ал Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді.

 

Діни мерекелердің мерзімі қалай анықталады?

 

ҚМДБ мамандары айдың басталуы хижра бойынша халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде анықталғанын түсіндірді.

 

«Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге ерте немесе кешке ауысуы мүмкін», – деп атап өтті ҚМДБ.
Поделиться

Нет комментариев.

13/01/2026 17:42
54 0

Уведомление