Прокурор Боқаевты 12 жылға соттауды сұрады

Алматыда қоғам белсендісі Санжар Бокаевтың ісі бойынша сот жарыссөзі басталды.


26/11/2026
12:30 0

Мемлекеттік айыптаушы Боқаевты орташа қауіпсіздік мекемесінде 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.  Ал Мадияр Қалменовке 7 жыл түрме жазасын тағайындауды ұсынса, кінәсін мойындаған видеограф Ұлан Нүсіпқожаға 2,5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.

 

Санжар Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, алаяқтық, ақшаны жылыстату, ұрлық, көрінеу жалған ақпарат тарату және ағаштарды заңсыз кесу.

 

Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, Боқаев пен Қалменов автокеруен ұйымдастыруға арналған шығын сметасын әдейі көтеріп көрсетіп, кәсіподақтың 42 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. Бұдан бөлек, прокуратура Боқаев пен Нүсіпқожа әлеуметтік желіге заңбұзушылықтарды әшкерелейтін бейнероликтер түсіру үшін Үлкен Алматы өзенінің жағасындағы гранит тақталарды алдыру мен Бау тоғайындағы ағаштарды кесуді өздері ұйымдастырған деп есептейді.

 

Еске салайық, 24 қарашада сотта Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның әңгімесі жазылған аудиожазба тыңдалды. Онда Боқаев гранит тақталарды алып кету сәтін сәтсіз түсіргені үшін видеографты сөгіп, түсірілім жұмысына «екі» деген баға береді. Айыптау тарапының пікірінше, бұл жазба гранит тақталарды ұрлау әрекеті алдын ала ұйымдастырылғанын дәлелдейді.

Поделиться

Нет комментариев.

26/11/2026 12:30
0

Уведомление