Проблемалық кредиттер қорының бұрынғы басшысы ұсталды
Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы мемлекетке 12 млрд теңгеге жуық залал келтірді деп айыпталып отыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.
«Тергеу материалдарына сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген», – делінген комитет хабарламасында.
Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан. Салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.
Сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды.
«Соттың санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ҰҚК.
12:25
23
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.