Популярные тэги

Пентагонмен ынтымақтастық: қолданушылар ChatGPT-ге бойкот жариялап жатыр

OpenAI компаниясының АҚШ Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастығы туралы жаңалық ChatGPT сервисін пайдаланушылардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Masa media.


07/03/2026
03:56 26 0

CancelChatGPT

 

Америкалық әскери ведомствомен жасалған келісім жөніндегі хабарламалардан кейін әлеуметтік желілерде чат-ботты қолданудан бас тартуға және ақылы жазылымдарды тоқтатуға шақыратын үндеулер тарай бастады.

 

Sensor Tower аналитикалық компаниясының дерегінше, Пентагонмен келісім жарияланғаннан кейін ChatGPT мобильді қосымшасын жою саны 200%-ға артқан. Соның салдарынан сервис шамамен 1,5 миллион пайдаланушысынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар интернетте CancelChatGPT және QuitGPT хэштегтерімен науқандар таралып, олардың аясында қолданушылар платформаны бойкоттап, балама сервистерге көшуге шақыруда.

 

Бұған  OpenAI компаниясының АҚШ қорғаныс ведомствосына арналған бірқатар жобаларға қатысатыны туралы ақпарат  себеп болды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, әңгіме жасанды интеллект технологияларын жабық үкіметтік желілерге енгізу, сондай-ақ түрлі зерттеу және талдау міндеттерінде пайдалану туралы болып отыр. Алайда келісімшарттың нақты шарттары ресми түрде жарияланған жоқ.

 

Anthropic-пен жанжал

 

Келісім өткен жұма күні Anthropic компаниясы мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы жанжалдан кейін жасалған. Бұл жанжал Claude жасанды интеллект моделін жаппай бақылау жүргізу немесе толық автономды қару жүйелерінде қолдану мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылықтан туындаған.

 

Осы жаңалықтар аясында интернетте жасанды интеллект технологияларының ықтимал милитаризациясы туралы қызу пікірталас басталды. Сыншылар мұндай әзірлемелер әскери мақсатта, соның ішінде бақылау жүйелерінде немесе шешім қабылдауды автоматтандыруда қолданылуы мүмкін деп қауіптенеді. Көптеген пайдаланушылар технологиялық компаниялардың әскери құрылымдармен ынтымақтастығы жасанды интеллектіні этикалық тұрғыда дамыту қағидаттарына қайшы келеді деп санайды.

 

OpenAI  басшысының мәлімдемесі

 

Бұл реакция әлеуметтік желілермен ғана шектелген жоқ. OpenAI компаниясының Сан-Франциско қаласындағы кеңсесі алдында наразылық акциялары өтті. Оған қатысушылар компанияны қорғаныс келісімшарттарынан бас тартуға және өз технологияларын пайдалану мәселесінде ашықтықты қамтамасыз етуге шақырды.

 

OpenAI басшысы компания келісімге америкалық азаматтарға тыңшылық жасау мақсатында өз жүйелерін пайдалануға нақты тыйым салатын тармақ енгізетінін мәлімдеді.

 

Соған қарамастан, қорғаныс саласында жасанды интеллектіні қолдану мәселесіне қатысты пікірталас жалғасып жатыр. Сарапшылар ірі технологиялық компаниялардың мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастығының жиілеуіне алаңдаулыү

Поделиться

Нет комментариев.

07/03/2026 03:56
26 0

Уведомление