Ойын шарты ма, туға құрмет пе: әкімнің мұз үстіндегі әрекеті қызу талқыланып жатыр

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың хоккей ойыны алдындағы әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Masa.media.


26/03/2026
12:16 34 0

Ойын алдында түсірілген видеодан әкімнің Қазақстан туы бейнеленген шайбаны ойынға қоспай, өзімен бірге алып кеткенін көруге болады.

 

Видео желіде тез тарады. Қолданушылар әкімнің мұқият екенін және Ту бейнеленген шайбаны алғаш болып байқап, мұздан көтеріп алған хоккейшіні де мақтап жатыр.

«Дұрыс істеді. Біздің көк байрағымыз аяқ астында тапталмай, тек биікте желбіреуі тиіс», – делінген видео астындағы пікірде.

Желідегілердің келесі бір тобы өңір басшысының бұл әрекетін хоккей ойынының ережесі ретінде түсіндірді.

«Мұны «символдық лақтыру» деп атайды. Мұндайда шайба ойынды бастап берген адамға сыйға беріледі. Ойын кәсіби шайбамен ойнатылады. Ережені біліп алған абзал», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Айта кетейік, оқиға Ақтау қаласында жаңа мұз сарайының салтанатты ашылу рәсімінде болған.

Поделиться

Нет комментариев.

26/03/2026 12:16
34 0

Уведомление