Ойын индустриясындағы жаңа рекорд: GTA VI бір күнде 3,8 млрд доллар тапты
Көптен күткен Grand Theft Auto VI ойыны жарыққа шыққаннан кейін небәрі бір тәулікте 3,79 миллиард доллар табыс тауып, ойын индустриясында жаңа рекорд орнатқаны хабарланды.
Rockstar Games компаниясының мәліметінше, 13 жыл бойы күткен ойынның алғашқы тәуліктегі сатылымы алдыңғы бөлімнің көрсеткішінен бірнеше есе асып түскен.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, Rockstar Games 20 қарашада GTA VI ойынының рекордтық сатылымы туралы мәлімдеген. Компанияның бағалауынша, ойын алғашқы 24 сағатта 3,79 миллиард доллар табыс әкелген.Ойын ресми түрде шыққанға дейін шамамен 32,5 миллион алдын ала тапсырыс рәсімделген.
Rockstar Games президенті Сэм Хаузер жанкүйерлердің қолдауына алғыс білдірді.
«Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі ойыншылардың ықыласына ерекше ризамыз. Осындай тарихи сәтті сіздермен бірге бөлісу біз үшін үлкен қуаныш», – деді ол.
013 жылы шыққан GTA V те өз уақытында рекорд орнатқан болатын. Ойын алғашқы үш күнде шамамен 1 миллиард доллар табыс тапқан. Ал GTA VI бұл көрсеткіштен бір тәуліктің ішінде асып түскен.
Take-Two Interactive компаниясының дерегінше, GTA V ойынының сатылымы 230 миллион данадан асқан. Ал Grand Theft Auto сериясының жалпы сатылымы 470 миллион данаға жеткен.
Әзірге GTA VI ойынының компьютерге арналған нұсқасының шығу күні жарияланған жоқ.
15:21
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.