Ойын бизнесіне қатысты жаңа талап күшіне енді: Қазақстанда не өзгереді

Елімізде бүгінне бастап ойын бизнесін реттейтін қатысты жаңа талаптар күшіне енді.


27/03/2026
11:50 29 0

Нарықты әлеуметтік пайдаға айналдыру

 

Енді Қазақстанда кез келген ұтылған немесе ұтысқа тігілген ставканың бір бөлігі ауылдағы спорт мектебінің құрылысына немесе баланың еміне жұмсалады.

 

ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 12 наурыздағы №167 қаулысына сәйкес, бәс тігуді есепке алудың бірыңғай жүйесі (БЕБЖ) арқылы өтетін әрбір транзакциядан 3,3% мөлшерінде міндетті аударым алынады. Қаржы мемлекеттік бюджетке емес, әлеуметтік маңызы бар қорлар мен спорт федерацияларына аударылады. Бәс тігуді есепке алудың бірыңғай жүйесі (БЕБЖ) арқылы өтетін әрбір транзакциядан 3,3% мөлшерінде міндетті аударым алынады.

 

Қаржы қалай бөлінеді

 

Қаражат төрт негізгі бағыт бойынша бөлінеді:  бұқаралық спорт(45%), әлеуметтік жобалар (21%), Олимпиадалық спорт (21%), техникалық сүйемелдеу(13%).

 

Бұл аударымдар букмекерлік кеңсенің таза пайдасынан емес, жалпы айналымнан есептеледі. Бұл мемлекетке ойын бизнесінен түсетін табысты едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

 

Жаңа ереже – мемлекеттің құмар ойындар нарығын тек салық салумен шектелмей, оны тікелей әлеуметтік пайдаға айналдыруға бағытталған қадамы. Енді кез келген ұтылған немесе ұтысқа тігілген ставканың бір бөлігі ауылдағы спорт мектебінің құрылысына немесе баланың еміне жұмсалады.

 

Фото: rbc.ru

Поделиться

Нет комментариев.

27/03/2026 11:50
29 0

Уведомление