«Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды

АҚШ-та әлемдік кинематографияның ең беделді марапаты – «Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Masa media.


16/03/2026
10:18 27 0

Салтанатты марапаттау рәсімі 16 наурызға қараған түні АҚШ-та өтіп, негізгі аталымдар бойынша лауреаттардың есімдері жарияланды. Кешті белгілі америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.

 

Негізгі аталымдардағы жеңімпаздар

 

Негізгі санаттар  бойынша жүлдегерлер:

 

  • Үздік режиссер — Пол Томас Андерсон («Шайқас артынан шайқас»);
  • Үздік ер адам рөлі — Майкл Б. Джордан («Күнәһарлар»);
  • Екінші пландағы үздік актриса — Эми Мэдиган («Қару-жарақ»);
  • Екінші пландағы үздік актер — Шон Пенн («Шайқас артынан шайқас»).
  •  

Басқа аталымдардағы жеңімпаздар

 

Сондай-ақ техникалық және өзге де санаттар бойынша лауреаттар тізімі:

 

  • Үздік анимациялық фильм — «К-поп жын аулаушылары»;
  • Үздік қысқаметражды анимациялық фильм — «Інжумен жылаған қыз»;
  • Үздік костюм дизайны — Кейт Хоули («Франкенштейн»);
  • Үздік грим мен шаш үлгісі — «Франкенштейн»;
  • Үздік кастинг — Кассандра Кулукундис («Шайқас артынан шайқас»);
  • Үздік қысқаметражды ойын фильмі — «Әншілер» және «Екі адамның сүйісуі»;
  • Үздік бейімделген сценарий — Пол Томас Андерсон («Шайқас артынан шайқас»);
  • Үздік түпнұсқа сценарий — Райан Куглер («Күнәһарлар»);
  • Үздік көркемдік безендіру — Тамара Деверелл мен Шейн Вио («Франкенштейн»);
  • Үздік визуалды эффектілер — «Аватар: От пен күл»;
  • Үздік деректі фильм — «Ешкім мырза Путинге қарсы»;
  • Үздік қысқаметражды деректі фильм — «Бос қалған барлық бөлме»;
  • Үздік саундтрек — Людвиг Йоранссон («Күнәһарлар»);
  • Үздік дыбыс — «F1»;
  • Үздік монтаж — «Шайқас артынан шайқас»;
  • Үздік операторлық жұмыс — «Күнәһарлар»;
  • Үздік халықаралық фильм — «Сезім құны»;
  • Фильмге жазылған үздік ән — «Golden» («К-поп жын аулаушылары»).

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/03/2026 10:18
27 0

Уведомление