Оннан аса мемлекет Паралимпиаданың ашылу рәсіміне бойкот жариялады
Батыс елдері Ресей мен Беларусь спортшыларының ұлттық туларымен қатысуына наразылық білдірді, деп хабарлайды Masa media.
Толығырақ
DW басылымының хабарлауынша, Украина, Германия, Канада, Польша, Чехия, Нидерланды, Финляндия, Эстония и Латвия құрамалары Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын бойкот жариялайтындарын мәлімдеді.
2026 жылы Италияда өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына Ресейден алты, Беларусьтен төрт спортшы қатысады.
Былтыр қыркүйекте Халықаралық паралимпиада комитетінің (IPC) Бас ассамблеясы Украинадағы соғыс басталғаннан кейін тоқтатылған Ресей мен Беларусь паралимпиадалық комитеттерінің мүшелігін қайта қалпына келтірген болатын.
Формалды түрде осы шешімнен кейін ресейлік және беларусьтік спортшыларға Италиядағы Олимпиада ойындарына ұлттық туларымен қатысу мүмкіндігі берілген. Алайда олардың толық қатысуы халықаралық спорт федерацияларының шешіміне байланысты болды.
2025 жылдың желтоқсанында Спорттық арбитраждық сот (CAS) Ресей мен Беларусь спортшыларының Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) оларды халықаралық жарыстарға қатыстырмау туралы шешіміне берген апелляцияларын ішінара қанағаттандырды. Нәтижесінде паралимпиадашы спортшыларға FIS жарыстарына бейтарап мәртебесіз, яғни ұлттық рәміздерімен қатысуға рұқсат берілді.
Ойындардың ашылу рәсімі қашан өтеді
Qazsport Паралимпиаданың салтанатты ашылу рәсімін тікелей эфирде көрсететінін хабарлады. Арна журналистерінің мәліметінше, қазақстандықтар ойындардың ашылу рәсімін 6 наурыз күні сағат 23:50-де тамашалай алады.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің дерегінше, Қазақстан ұлттық құрамасы ел намысын пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда қорғайды. Халықаралық додада Қазақстан атынан жеті спортшы сынға түседі:
• Ербол Хамитов
• Александр Герлиц
• Юрий Березин
• Владислав Кобаль
• Сергей Усольцев
• Анна Грачева
• Нурлан Алимов
2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтеді, 16 наурызда аяқталады. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығын сарапқа салады.
09:50
17
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.