Олимпиаданың гала-шоуында Джеки Чан Шайдоровқа қолдау көрсетті
Қысқы Олимпиада ойындары аясындағы Миланда өткен гала-шоуда өнер көрсеткен Михаил Шайдоровқа Джеки Чан қолдау көрсетті.
Шайдоров пен оның командасы гала-шоуға арнап мұз айдынына панда костюмімен шығатын ерекше нөмір әзірлеген. Көрсетілімге күтпеген жерден әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысқан.
Шайдоровтың айтуынша, оның нөміріне Джеки Чанның қатысуы бастапқыда жоспарланбаған.
«Бұл күтпеген жағдай болды. Мұз айдынына келгенде, мұнда Джеки Чанның жүргенін білдім. Әрине, бірден онымен суретке түсуге жүгірдім. Ол мені құттықтады. Ал мен оған гала-нөмірімді міндетті түрде көру керегін айттым. Ол келісіп, қалатынын жеткізді. Кейін ұйымдастырушылар мен қызметкерлер арқылы нөмірдің соңында оның мұзға шығуын келістік», – дейді Олимпиада чемпионы.
Михаил Олимпиада чемпионы атанғанын енді толық сезінгенін және елге оралғысы келіп жүргенін айтты.
Еске салайық, Миландағы Қысқы Олимпиада Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанып, ел қоржынына тарихи алтынды салды. Бұл – Қазақстанның ақ Олимпиада 32 жылдан кейін алған алтыны.
10:33
36
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.