«Одиссея» үлкен экранға қайта оралды: арнайы көрсетілім қашан басталады

Кристофер Ноланның атышулы «Одиссея» блокбастері IMAX форматында қайтадан үлкен экранға шығады.  


08/10/2026
12:52 0

Ең көп касса жинаған туынды

 

Басты рөлде Мэтт Дэймон ойнайтын киноэпопея әлемдік прокатта 1,76 миллион доллар жинаған. Фильм Universal Pictures киностудиясының тарихындағы ең көп касса жинаған туынды атанды.

 

Арнайы көрсетілімдер ертең, 9 қазанда басталады.

 

Фильмге көрермен сұранысы әлі де жоғары. Мәселен, Алматыдағы кинотеатрлардан фильмнің бүгінгі сеанстарына да билет тауып, алдын ала брондауға болады.

 

«Одиссея» фильмі туралы

 

«Одиссея» (The Odyssey) – ежелгі грек ақыны Гомердің әйгілі «Одиссея» эпосына негізделген Кристофер Ноланның жаңа фильмі. Картинада Троя соғысынан кейін отаны Итакаға қайтуға аттанған Одиссейдің ұзақ әрі қауіпті сапары баяндалады.

 

Фильмнің басты рөлін Мэтт Дэймон сомдайды. Сондай-ақ  Том Холланд, Энн Хэтэуэй, Зендея, Роберт Паттинсон, Лупита Нионго, Шарлиз Терон және басқа да танымал актерлер түскен.

 

«Одиссея» Ноланның шығармашылығындағы ауқымды жобалардың бірі саналады. Фильмнің ерекшелігі – режиссер картинаны мүмкіндігінше IMAX форматында түсіруге басымдық берген. Сондықтан туындыны үлкен экраннан көру оның визуалдық ауқымын толық сезінуге мүмкіндік береді.

 

Фильмнің сюжеті Гомердің классикалық шығармасына негізделгенімен, Нолан оны өзінің режиссерлік стилімен қайта пайымдайды. Эпикалық шайқастар, теңіздегі сапар, мифологиялық кейіпкерлер мен Одиссейдің отбасына оралу жолындағы сынақтары фильмнің негізгі желісін құрайды.

Поделиться

Нет комментариев.

08/10/2026 12:52
0

Уведомление