Нұрәлі Әлиевпен cеруендеген іздеудегі блогер қалайша бостандықта жүргенін түсіндірді
Экс-президенттің немересімен бірге тауда сейіл құрған іздеудегі блогер Ағлан Ақпан кешелі бері желіні шулатты.
Кәсіпкерлерге арналған таудағы таңғы ас кезінде түсірілген фотолар мен видеолар пабликтерде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары Нұрәлі Әлиевпен кездесуге барғандар арасынан Qoslike жобасының экс-қатысушысы, іздеудегі блогер Ағлан Ақпанды көріп қалып, оның алаңсыз демалып жүргеніне наразылық білдірді.

«Неге адамдарды қомақты қаржыға алдаған блогерді Нұрәлі Әлиев арқылы тауып, оны ұстамайды?», – дейді imnurc аккаунтының иесі.
Блогердің мәлімдемесі
Желідегі шудан кейін блогер Ағлан Ақпан әлеуметтік желідегі парақшасында мән-жайды түсіндірді.
Ол қаржылық міндетемелерінің бір бөлігін өтегенін, қалғанын әлі де қайтарып жатқанын мәлімдеді. Блогер өз жауапкершілігінен бас тартпайтынын, керісінше, қарыздарды мүмкіндігінше тезірек өтеуге тырысып жатқанын жеткізді.

«Сот үкімімен менің компаниямның жұмысы уақытша тоқтатылғандықтан, мен толыққанды жұмыс істей алмай жатырмын. Нәтижесінде ақшаны тезірек жинап, қарыздарымнан құтылу да созылып жатыр», – деп ақталды Ақпан.

Айтуынша, оған іздеу жарияланғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Жеке атап өткім келетіні: бұл ешқандай жағдайда менің «іздеуде жүргенімді» немесе маған қатысты «қылмыстық іс» қозғалғанын білдірмейді, кейбір жазбаларда мұны дәл солай көрсетуге тырысып жатыр. Менің және туристік агенттігімнің атына шындыққа жанаспайтын айыптаулар айтылып жатыр. Таралып жатқан ақпаратта фактілер бұрмаланған және жала жабу белгілері бар!» – дейді блогер.
Сондай-ақ, Ағлан Ақпан өзінің еделін түсірген жобаны бірнеше серіктестерімен бірге бастағанын, алайда қиындық туған сәтте олар жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартқанын айтты.
Еске салайық, блогер бір жарым жыл бұрын Еуропа мен Аустралияға жұмысқа орналастырамын деп бірнеше адамнан ақша алып, кейін виза берілмегенін айтып, жоғалып кеткен. Жәбірленушілердің айтуынша, бас-аяғы 15 адам адам ақшасын қайтара алмаған.
15:16
33
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.