Популярные тэги

Нұрайдың өлімі: Танымал блогерлер күдіктінің туысы болып шықты

Ерлі-зайыпты блогерлер Камила Әділхан мен Мағжан Аймахан 21 жастағы Нұрайдың өліміне күдікті Шерхан Аймаханмен туыстық байланыстары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Masa Media.


17/01/2026
18:06 19 0

Мәлімдеме

 

Күдікті Шерхан Аймаханның блогер Мағжан Аймаханмен тегінің ғана емес, сырт келбетінің де ұқсас екенін желі қолданушылары бірден аңғарған. Блогерлердің күдіктімен бірге түскен фотолары да тарады. Осыған байланысты желіде жел сөз көбейген соң Камила мен Мағжан халық алдына шығып, мән-жайды өз ауыздарымен айтып беруді жөн көріпті.

 

Мағжан Аймаханның айтуынша, Шерхан Аймахан – оның немере інісі, яғи әкесінің інісінің ұлы.

 

«Шерхан – әкемнің кіші інісінің, біздің туысымыздың ұлы. Ешкім баласының қатыгез не зұлым болып өскенін қаламайды. Мұндай ой біздің басымызға кірмеді. Сондықтан бұл оқиға біз үшін ауыр соққы болды. Ешбір ата-ана қызының басқа біреудің қолынан қаза табуын қаламайды. Екі жақтың ата-аналары үшін де өте қиын жағдай. Біз мұны ешкімге тілемейміз», – деп мәлімдеді блогерлер.

Тергеуге ықпал

 

Камила мен Мағжан күдіктінің әділ жазалануын қалайтындарын жеткізді.

«Сот және ондағы жаза бойынша бәрінің әділ өткенін қалаймыз! Бірақ өкінішке қарай, қанша жылға сотталса да , қанша көңіл айтсақ та Нұрайдың орны толмайды. Сол себепті шын жүректен жеңілдігін берсін деп дұға етеміз. Ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз. Әулеттің үлкендері де барып көңіл айтып, құран бағыштап қайтты! Алла тағала Нұрайдың жанын жәннәттық етсін!», деді олар.

Сонымен қатар блогерлер тергеуге әсер етуі мүмкін деген сөздің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Блогерлермен қарым-қатынастарына байланысты іс әділетсіз шешілуі мүмкін деген қауесеттер таралып жатыр. Керісінше, көпшілік назарында болған адамдар ретінде, отбасылық байланыстарына қарамастан, біз тек әділ жаза мен әділ сот шешімін қалаймыз. Сондықтан «Ол блогер» деп жала жабудың және айыптаудың ешқандай мәні жоқ. Біз, ең алдымен, Құдіретті Құдайдың жазасынан қорқамыз және болған оқиғаны ақтау ниетіміз жоқ. Бұл ерекше қатыгездікпен жасалған қылмыс», – деп түйіндеді ерлі-зайыпты.

 Нұрайдың өлімі

 

11 қаңтар күні Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

 

Студент қызды 11 қаңтар күні кешке Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында пышақтап кеткен. Бейнежазбадан қыздың қашуға тырысқанын, алайда жігіттің оны ұрып-соғып, пышақ сұққанын көруге болады. Оқиғадан соң күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды.

 

Cталкер

 

Нұрай үйдің кенжесі болған. Екі ағасы бар. Сұлтан есімді ағасы күдікті жайлы біраз дерек айтты.

– Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға рахметімізді айтамыз. Қазір біздің қолдан тек сол («адамға» деген сөзді айтуға қимай отырмын) максималды жаза беру ғана қолымыздан келеді. Қысқаша айтқанда менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан барынша басынған. «Жоқ» деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған, – дейді Сұлтан.

Сұлтан қазақстандықтардан бұл оқиға туралы жазып, таратуды сұрады. Ол сот әділ өтетініне сенім білдірді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/01/2026 18:06
19 0

Уведомление