Ники Минаж Ақ үйдің баспасөз хатшысы болуы мүмкін бе
АҚШ президенті Дональд Трамп рэпер Ники Минаждың Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалу мүмкіндігін жоққа шығармады.
Мұндай ұсынысты журналистердің бірі сұхбат кезінде айтқан. Трамп бұл ойды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Ұсыныс аяқ астынан айтылған жоқ. Бұған дейін Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг әзіл ретінде осы қызметке Минаждың кандидатурасын ұсынған еді.
Бұған әншімен болған әңгіме себеп болған. Чунг одан сайлау науқаны кезінде Трамптан артық еңбек еткен адам бар-жоғын сұраған. Әнші «Әрине, жоқ» деп жауап берген.
Сондай-ақ Минаж алдағы сайлауға қатысатын басқа республикашыл саясаткерлерді де қолдап жүргені үшін президентті мақтаған. Оның пікірінше, бұл Трамптың айналасындағы адамдарды ойлайтын жақсы адам екенін көрсетеді.
Айта кетейік, Ақ үй жуырда баспасөз хатшысын таңдауға қатысты қиындыққа тап болған. Бұған дейін бұл қызметке тағайындалған Кэти Захария небәрі бес күннен кейін орнын босатты. Трамп оны 9 қазанда тағайындаған, ал 13 қазанда ол алғаш рет 14 минуттық баспасөз мәслихатын өткізген. Ақ үй басшылығы оның алғашқы жұмысын құптамай, қызметінен босатылуы мүмкін екенін ескерткен.
11:37
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.