«Нағыз аңыз»: Тоқаев Дженсен Хуангқа алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nvidia компаниясының негізін қалаушы Дженсен Хуангты «көрнекті инженер әрі нағыз аңыз» деп атады.
Тоқаев бұл туралы Стратегиялық әріптестердің III форумында айтты. Президент Nvidia компаниясымен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалады.
– Nvidia компаниясымен өте нәтижелі әріптестік орнаттық. Жақында Астанаға арнайы келгені үшін көрнекті инженер әрі нағыз аңыз Дженсен Хуангқа шынайы алғысымды білдіремін, – деді президент.
Еске салайық, қазан айында Дженсен Хуанг Қазақстанға алғаш рет келген еді. Астанадағы сапары кезінде ол елдер өз деректерін шетелге беріп, кейін сол деректермен оқытылған жасанды интеллектіні сатып алмауы керек екенін айтты.
Ол Қазақстанның жасанды интеллект экономикасына көшу үшін нақты қадамдар жасап жатқанын да жоғары бағалады. Оның сөзінше, өзге елдер бұл мәселені әлі талқылап жатқанда, Қазақстан іс жүзінде жұмысқа кіріскен.
12 қарашада Хуанг 33 жыл бойы басқарған Nvidia компаниясының президенті және бас директоры қызметтерінен кеткені хабарланды.
Бұған дейін The New York Times басылымы оның қарамағындағы қызметкермен көңіл жарастырғаны туралы жазған. Ал одан бұрын Хуанг АҚШ арнайы қызметтері Қытай барлау қызметімен байланысы бар деп күдіктенетін Сингапурдың Megaspeed компаниясындағы Элис Хуангпен қарым-қатынасы болғанын мойындаған.
14:30
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.