Мысыр қазақстандық туристер үшін елге кірудің жаңа тәртібін енгізеді

Мысырға баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға жағымды жаңалық жарияланды.


23/10/2026
12:52 0

Енді Қазақстан азаматтарының бұл елге турист ретінде баруы жеңілдей түспек. Бұл туралы Қазақстан мен Мысырдың сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Бадр Абдельатти арасындағы келіссөздер барысында белгілі болды.

 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар 2006 жылғы 7 қарашада қол қойылған дипломатиялық паспорт иелерін визадан босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойған. Құжатқа сәйкес, визасыз режим қолданыстағы қызметтік паспорты бар Қазақстан мен Мысыр азаматтарына да қолданылады.

 

Келіссөздердің тағы бір маңызды нәтижесі – Қазақстанды Мысырға туристік мақсатпен баратын азаматтарына қосымша талаптар қойылатын Орталық Азия елдерінің тізімінен шығару туралы уағдаластық.

 «Бұл шешім қазақстандық туристердің Мысырға кіру тәртібін жеңілдетуге және екі ел арасындағы туристік алмасуды одан әрі дамытуға бағытталған», – деп хабарлады министрлік.

Поделиться

Нет комментариев.

23/10/2026 12:52
0

Уведомление