Популярные тэги

Мырза мен Айым: Қырғыз парламентінің ақпаратын ЖИ-дикторлар таратады

Қырғызстан парламенті өз қызметін жайлы ақпарат тарату үшін ЖИ-жүргізушілерін қолдана бастады, деп хабарлайды Masa media.


05/03/2026
21:17 22 0

ЖИ-дикторлардың міндеті

 

Қырғыз басылымдарының жазуынша, жуырда заң шығарушы орган аппараты жұртшылыққа Мырза және Айым атты дикторларды таныстырды. Олар парламент отырыстары, заң жобаларын талқылау және қабылданған шешімдер туралы бейнематериалдар дайындайды.

 

Авторлардың сөзінше,  жоба  парламент қызметін цифрландыру бағыты аясында жүзеге асырылып отыр. Ресми хабарламаларда жасанды интеллектіні енгізу ақпараттық контентті дайындау үдерісін жеделдетуге, шығынды азайтуға және жаңалық материалдарын әзірлеу кезінде адам факторына тәуелділікті барынша төмендетуге мүмкіндік беретіні атап өтілген. Виртуалды жүргізушілер пленарлық отырыстарға тұрақты шолу жасап, депутаттардың негізгі бастамалары туралы айтып, қабылданған заңдардың мазмұнын түсіндіретін болады.

 

Бұған дейін депутаттардың жұмысы туралы ақпарат баспасөз қызметі мен дәстүрлі медиа арқылы таралып келсе, енді бұл үдерістің бір бөлігі автоматтандырылады. Парламент өкілдері жаңа формат азаматтарға ақпаратты бұрынғыдан да қолжетімді әрі жедел жеткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

 

Өзге мемлекеттер тәжірибесі

 

Қырғызстан – медиа саласында ЖИ-жүргізушілерді қолданған алғашқы ел емес. Әлемнің бірнеше мемлекеті виртуалды дикторларды жаңалық шығарылымдарын дайындау үшін қолданылып келеді.

 

Tribune.kz-тің жазуынша, Қытайда 2018 жылы мемлекеттік Xinhua ақпарат агенттігі әлемдегі алғашқы ЖИ жаңалық жүргізушісін таныстырды. Sogou компаниясымен бірлесіп жасалған цифрлық аватар қытай және ағылшын тілдерінде тәулік бойы жаңалық оқи алады және ақпараттық шығарылымдарды дайындауда пайдаланылады.

 

Ал Үндістанда 2023 жылы India Today Group медиатобы Sana атты жасанды интеллект жүргізушісін іске қосты. Жоба технологиялық тәжірибе ретінде ұсынылды: цифрлық жүргізуші бірнеше тілде жаңалық оқиды және күнделікті ақпараттық шығарылымдарда қолданылады.

 

Оңтүстік Кореяда MBN телеарнасы дипфейк технологиясы негізінде жасалған виртуалды жүргізушіні енгізді. Ол жаңалықтар топтамасы мен экономикалық шолуларды оқуға пайдаланылады.

 

Ал Мексикада Grupo Fórmula медиатобы қысқа жаңалық топтамаларын дайындау үшін Nat атты ЖИ жүргізушіні таныстырды. Бұл жоба редакциялық үдерістерді автоматтандыру бағытындағы тәжірибелердің бір бөлігі болды.

 

Фото: reporter.kg

Поделиться

Нет комментариев.

05/03/2026 21:17
22 0

Уведомление