Моңғолия басшысы БҰҰ-ны Шыңғыс хан империясы үлгісімен реформалауды ұсынды
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух БҰҰ-ны Pax Mongolica тұжырымдамасына сүйене отырып реформалауды ұсынды.
Хурэлсухтың ұсынысы
Оның пікірінше, бұл ұйымның Pax Globalica жаһандық бейбітшілік орнатуға ықпал етуіне мүмкіндік береді. Хурэлсух бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында айтты.
«Ғалымдар Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері құрған, түрлі өркениеттерге жататын халықтар қатар өмір сүрген Pax Mongolica-ны сыртқы саясатқа қатысты құнды үлгі ретінде қарастырады. Ұлы Моңғол империясының қасиетті мұрасын сақтап келе жатқан моңғол халқы ретінде біз Біріккен Ұлттар Ұйымының осы биік мінберінен күш-жігерімізді біріктірсек, Pax Mongolica тұжырымдамасын негізге ала отырып, Pax Globalica – жаһандық бейбітшілік орната алатынымызды мәлімдейміз», – деді Хурэлсух.
Моңғолия президентінің айтуынша, сегіз ғасыр бұрын Pax Mongolica халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне негіз қалаған. Осы тарихи тәжірибеден сабақ алып, көпжақты ынтымақтастықты нығайту қажет екенін айтты.
«БҰҰ-ны реформалап, оны Pax Globalica қалыптастыра алатын беделді ұйымға айналдырайық», – деді ол.
Хурэлсух 2026 жылы Моңғол империясының құрылғанына 820 жыл, ал Моңғолияның БҰҰ-ға мүше болғанына 65 жыл толғанын атап өтті. Моңғол Халық Республикасы 1961 жылы ұйымның 101-мүшесі ретінде БҰҰ құрамына кірген.
Pax Mongolica деген не?
Pax Mongolica (латынша – «Моңғол әлемі») – XII-XIV ғасырларда Моңғол империясы Еуразияның кең аумағын жаулап алғаннан кейін қалыптасқан салыстырмалы түрде бейбіт кезеңді сипаттайтын тарихи термин.
фото: apnews.com
10:08
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.