Miami Open-2026: Сенсация жасаған Путинцева Рыбакинаға қарсы ойнайды
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында күтпеген жеңіске қол жеткізді.
Sport.kz жазуынша, әлемдік рейтингте 75-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы кезеңде индонезиялық Джанис Тьенмен (WTA рейтингінде 40-орын) кездесті. Қарсыласы матчтың фавориті саналған еді.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты ойында Путинцева үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 3:6, 6:3, 6:4. Кездесу барысында ол екі эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол бермеді. Ал Тьен 12 эйс орындағанымен, тоғыз рет қос қателік жіберді.
Осылайша, Қазақстанның екінші ракеткасы турнирдегі жорығын жалғастырады.
Енді екінші айналымда Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірі Елена Рыбакинамен кортқа шығады.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 9,4 миллион АҚШ долларын құрайды.
08:36
24
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.