Мехико көшелерінде Димашқа арналған ерекше автобус қатынай бастады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концерті қарсаңында әншінің жанкүйерлері ерекше жоба ұйымдастырды.


29/10/2026
15:32 0

2026 жылғы 23 қазаннан бастап Мехико көшелерінде отандық орындаушының алдағы концерттеріне арналған арнайы автобус қатынай бастады.

 

DimashNews басылымының жазуынша, әншінің командасы арнайы автобустың қала көшелерінде 21 қарашаға дейін жүретінін мәлімдеді. Оның бағыты Мехиконың танымал әрі адам көп шоғырланатын орындарын қамтиды. Олардың қатарында әйгілі Пасео-де-ла-Реформа даңғылы, Периферико айналма жолының солтүстік бөлігі, Ұлттық аудиториум маңы, сондай-ақ Глориета-де-Петролеос пен Чапультепек аудандары бар.

 

Жобаны ұйымдастырушылар автобустың қаладағы ең қарбалас көлік бағыттарында жүруіне мән берген. Осылайша, ол бір айға жуық уақыт бойы Мехико тұрғындары мен қонақтарының күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналмақ.

 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS атты жаңа әлемдік туры 18 қазанда Польшаның Краков қаласында басталды. Әнші Tauron Arena сахнасында өнер көрсетіп, турдың алғашқы концертін өткізді.ьАл 24 қазанда ол Германияның Дюссельдорф қаласындағы тыңдармандарымен жүздесті. Енді 30 қазанда әнші Испания астанасы Мадридте концерт береді.

Поделиться

Нет комментариев.

29/10/2026 15:32
0

Уведомление