Marvel-дің жаңа фильмі прокатқа дейін билет сатылымынан рекорд орнатты
«Кек алушылар: Доктор Дум» (Avengers: Doomsday) фильмінің әлем бойынша алдын ала сатылған билеттерінен түскен табыс 125 миллион доллардан асты.
ThePrint басылымының жазуынша, 2026 жылдың қазан айында Global Box Office сараптамалық қызметі фильмге алдын ала сатылған билеттер құны 100 миллион доллардан асқанын хабарлаған. Ал 27 қазанда тәуелсіз сарапшылардың есебінше, бұл көрсеткіш 125 миллион доллардан жоғарылаған. Дегенмен Disney студиясы бұл соманы ресми түрде растаған жоқ.
Фильмнің толықметражды алғашқы трейлері де алғашқы 24 сағатта 503 миллион рет қаралған. Осы көрсеткішпен ол кино тарихындағы алғашқы тәулікте ең көп қаралған трейлерлер арасында екінші орынға шықты. Көш басында «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің трейлері тұр. Оның алғашқы тәуліктегі қаралымы 719 миллионға жеткен.
Фильмдегі Виктор фон Думның рөлін Роберт Дауни кіші сомдайды. Сондай-ақ картинаға Крис Эванс, Крис Хемсворт, Педро Паскаль, Энтони Маки, Пол Радд, Флоренс Пью, Ванесса Кирби және басқа актерлер түскен.
Фильм АҚШ-та 2026 жылғы 18 желтоқсанда, ал Қазақстанда 2027 жылғы 7 қаңтарда көрерменге жол тартады.
10:03
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.