Ұлыстың ұлы күні: Наурызда Астана мен Алматыда қайда баруға болады

«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 21-23 наурыз аралығында Алматы мен Астанада жүздеген іс-шара өтеді.  


20/03/2026
11:58 39 0

Биыл Астана мен Алматыда Наурыз мерекесі ерекше тойлануда. 14 наурызда басталған мерекелік шаралар 21 наурызда тағылымды әрі қызықты бағдарламамен жалғасып, 23 наурызда қорытындыланбақ. 

 

Masa.media мерекені қайда өткізуді білмей жүрген оқырманға ең қызықты шаралар тізімін ұсынады.

 

Астана

 

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 21-22 наурыз күндері қаладағы тұрғын алаптарда «Наурыз мейрамы» атты жаппай халықтық серуендер өтеді. Мерекелік шаралар қаланың әртүрлі аудандарында ұйымдастырылады:

 

Алматы ауданында – «Жерұйық» саябағында және «Железнодорожный» тұрғын алабында;

Нұра ауданында – «Жағалау» және «Айғыржал» скверлерінде;

Сарайшық ауданында – «Интернациональный» және «Промышленный» тұрғын алаптарында;

Байқоңыр ауданында – «Өндіріс» және «Кирпичный» алаптарында;

Есіл ауданында – «Бағыстан» және «Пригородный» тұрғын алаптарында;

Сарыарқа ауданында – «Наз» би театры мен «Қорғалжын» сквері маңында.

 

 

Сонымен қатар қалада бірқатар ерекше іс-шара жоспарланған:

 

20-21 наурыз – EXPO аумағында заманауи технология элементтерімен жабдықталған киіз үй орнатылады. Оның ішінде LED-экрандары бар интерактивті аймақ жұмыс істейді. Келушілерге робот-ит пен дрон-полицей көрсетіліп, түрлі ойындар мен әлеуметтік акциялар ұйымдастырылады;

 

21-22 наурыз – «Қазақ елі» алаңында гуманоидтардың қатысуымен қойылымдар өтеді;

 

21-23 наурыз, сағат 14:00-ден бастап – EXPO халықаралық көрме орталығында шығармашылық ұжымдардың концерті, ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады;

 

21-22 наурыз – елорданың алты орамында 30-дан астам алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Атап айтқанда, қазақ күресі, қой көтеру, арқан тарту, асық ату, қол күрес және гір көтеру сайыстары жоспарланған.

 

21 наурыз:

 

Сағат 16:00-де Astana Opera театрында «Айсұлу» операсы ұсынылады (кіру – билетпен);

 

Сағат 16:30-да Астана қуыршақ театрында «Наурыз келді – көктем келді!» қойылымы өтеді (Республика даңғылы, 3);

 

Сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Абай-Тоғжан» спектаклі сахналанады;

 

Сағат 19:00-де «Жастар» театрында «Көзімнің қарасы» қойылымы өтеді;

 

Сағат 19:30-да «Взлетный» ресто-барында Слава Никифоровтың импровизациялық концерті өтеді;

 

Сағат 20:00-де Astana Ballet театрында Therapy. Jazz Night концерті ұйымдастырылады;

 

Сағат 22:00 және 22:45-те Garage music bar-да мерекелік stand-up концерті өтеді (Кравцов көшесі, 6).

 

22 наурыз:

 

Сағат 18:00-де Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Шеңбер» пьесасы қойылады (Қуанышбаев көшесі, 8/1);

 

Сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Қыз Жібек» спектаклі өтеді;

 

Сағат 20:00-де «Конгресс холлда» Мақпал Жүнісованың жеке концерті өтеді;

 

Сағат 21:30-да Pozitiv барында «Бауырсақ SHOW» әзіл-сықақ кеші ұйымдастырылады (Ғабдуллин көшесі, 18).

 

23 наурыз:

 

Сағат 16:00-де Астана қуыршақ театрында «Наурыз келді – көктем келді!» қойылымы қайта көрсетіледі;

 

Сағат 19:00-де «Жастар» сарайында «Сағыныш сазы» атты қазақ ретро музыка кеші өтеді;

 

Сағат 19:00-де Қуанышбаев атындағы театрда «КҮЙ» спектаклі сахналанады.

 

АЛМАТЫ

 

Басты мерекелік алаңдар:

 

·       Астана алаңы (Ескі алаң)

·       Абай алаңы (Республика сарайының алды)

·       Панфилов және Жібек жолы (Арбат) көшелері

·       Тұңғыш Президент саябағы

 

 

21 наурыз: 

 

Астана алаңы (11:00 – 22:00)

 

6 бірегей киіз үй: Робо-киіз үй (космос пен роботтар), Digital 360 (виртуалды Шымбұлақ), археологиялық және этно-дизайн үйлері.

 

Гала-концерт: Сахнада – Дос-Мұқасан», «МұзАРТ», «Ұлытау», «Алашұлы» топтары, сондай-ақ Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева, Талғат Күзембаев, Айгүл Елшібаева, Ернар Айдар, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және Әсет Есжан сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Мерекелік іс-шараның арнайы қонағы – Әзірбайжаннан келген әнші Роза Зергерлі.

 

Абай алаңы (12:00 – 22:00)

 

Түркі әлемі халықтарының жәрмеңкесі: Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген қолөнершілердің бірегей бұйымдары.

 

Музыка: Айгүл Үлкенбаева мен Arkaiym тобының этно-шоуы.

 

Арбат және Панфилов көшесі

 

КітапFest-2026: Кітап сүйер қауым үшін 40 баспаның көрмесі мен Smart Yurt киіз үйі.

 

Robo DJ шоуы және кешкісін «Dream Light» жарық шоуы.

 

22 наурыз:

 

Астана алаңы (11:00 – 22:00)

 

Белгілі әншілер Әлішер Кәрімов, Марсель, Turar, Ray және т.б. қатысуымен үлкен концерт.

 

Абай алаңы (11:00 – 21:30)

 

Мұнда да жұлдызды құрам: Әли Оқапов, Айқын, Балжан Бидаш және аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы өнер көрсетеді.

 

23 наурыз: 

 

Астана алаңы (11:00 – 18:00)

 

Күндізгі бағдарламада «Парасат» этно-ансамблі мен талантты жас орындаушылар өнер көрсетеді.

 

Абай алаңы (11:00 – 21:30)

 

 Кештің басты жұлдыздары – Роза Рымбаева, Жұбаныш Жексенұлы және «Дервиши» ансамблі.

 

Балаларға

 

21-25 наурыз аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында (Нұркент ш.а.) «Наурыз шоу» цирктік бағдарламасы өтеді. Мұрат Мұтырғанов бастаған акробаттар мен үйретілген жануарлар балаларға ұмытылмас қуаныш сыйлайды.

 

фото: baq.kz

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/03/2026 11:58
39 0

Уведомление