Популярные тэги

Ұлыбританияда экс-ханзада Эндрю қамаудан босатылды

Полиция оны 12 сағат тергеді.


20/02/2026
09:06 99 0

Ұлыбритания королі Карл III-нің інісі, Эндрю Маунтбеттен-Виндзор қамаудан босатылды. Оның полиция аумағынан кетіп бара жатқан сәті түсірілген фотосуреттерді BBC жариялады.

 

Іс әлі тергеледі

 

Полиция мәліметінше, ол «тергеу аясында» босатылған. Бұл істің жалғасып жатқанын, алайда оған әзірге ресми айып тағылмағанын білдіреді. Таңертеңгі хабарламада Эндрюдің есімі тікелей аталмаған — тәртіп сақшылары тек «60 жастан асқан ер адам» деп көрсеткен. Сондай-ақ екі мекенжай бойынша тінту жүргізілген.

 

Қандай айып тағылып отыр?

 

Тергеу 2010 жылы Эндрю америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн-ге сауда есептерін берген болуы мүмкін деген ақпараттың анық-қанығын тексеруде.  Экс-принц мемлекеттік қызмет атқарған кезеңінде қызметтік өкілетін теріс пайдалануы мүмкін деген күдікке ілініп отыр. Бұған дейін Эндрю Эпштейнмен байланысына қатысты жанжалдан кейін корольдік титулдарынан айырылған болатын. Ол заң бұзушылық жасағанын бірнеше рет жоққа шығарып, қаржыгермен достық қарым-қатынаста болғанына өкініш білдірді.

 

Миллиондаған парақтық құжат

 

Еске салайық, Джеффри Эпштейннің ісі – ХХІ ғасырдың ең даулы оқиғаларының бірі. 2008 жылы кәмелетке толмағандарды жыныстық зорлық-зомбылық және оларды адам саудасына тартты деген айыппен сотталған Эпштейн 2019 жылы Нью-Йорк түрмесінде қайтыс болғанымен, оның артында қалған материалдар әлемді әбден дүрліктірді. АҚШ Әді­лет министрлігі 2025-2026 жылдары «Эпштейн ісі» деп аталатын миллиондаған құжатты, видеоны және суретті жариялап, қоғамға бұрын жасыр­ылып келген деректерді ашық  таныстырды.

 

Эпштейн файлдары – бұл адам саудасы, жыныстық қанау және ықпалды тұлға­лар­мен байланыстар туралы 3 миллионнан астам парақ құжат, 2000-ға жуық бейне және 180 000-нан  астам сурет­тердің жиынтығы. Жарияланған материалдардың ішінде Эпштейн мен оған жақын адамдардың қарым-қатынасы, бизнес және саяси элита арасында жүріп жатқан өзара байланыстардың кейбірі көрінеді.

Поделиться

Нет комментариев.

20/02/2026 09:06
99 0

Уведомление