LRT Астанадағы пәтер бағасын қаншалықты өсірді – зерттеу

Астанада LRT станцияларының маңындағы баспана бағасы қаланың өзге аудандарымен салыстырғанда едәуір жылдам өскен, деп хабарлайды Masa.media.


10/09/2026
10:15 0

ҰЛТТЫҚ БАНК ЗЕРТТЕУІ

 

Ең жоғары өсім әуежай маңында тіркелді. Ұлттық банк пәтер сату туралы хабарландыруларды талдай отырып, «Әуежай» мен «Мәңгілік ел» станциялары аралығындағы аймақта баға айрықша көтерілгенін анықтаған.

 

2026 жылы станциядан 300–700 метр қашықтықтағы пәтерлердің құны қосымша 8%-ға артса, 700–1000 метр аралығындағы тұрғын үйлерде бұл көрсеткіш 10,5%-ды құраған.

 

Ал «Жібек жолы» – «Нұрлы жол» учаскесінде станциядан 300–700 метр жерде орналасқан пәтерлердің бағасы 6,5%-ға жоғарылаған. 1–1,5 шақырым қашықтықтағы тұрғын үйлерде өсім 5,3% болған.

 

«Астана жұлдызы» – «Мыңжылдық аллеясы» аралығында станцияға ең жақын, яғни 300 метр шегіндегі пәтерлердің құны қосымша 4,9%-ға өскен. Ал 1–1,5 шақырымдағы баспаналарда бұл көрсеткіш 4,6%-ды құрады.

 

НАҚТЫ ЕСЕП ПЕ?

 

Зерттеу нәтижесі қызықты бір жайтты көрсетті: «станцияға неғұрлым жақын болса, баға соғұрлым тез өседі» деген заңдылық анық байқалмаған. Дегенмен LRT желісі өтетін барлық аймақтағы пәтерлер бақылау аймақтарымен салыстырғанда қымбатырақ болған.

 

Ұлттық банк «Әуежай» – «Мәңгілік ел» бағытындағы жоғары өсімді шалғай аудандар үшін көлік қолжетімділігінің артуымен байланыстырады. Алайда банк 10,5% көрсеткішіне сақтықпен қарауға шақырады, өйткені бұл есеп небәрі 566 хабарландыру негізінде жасалған.

 

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй бағасын салыстырған еді. Ең қымбат баспана Алматыда тіркелген: бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы 26,5 млн теңгеге жетеді. Екінші орында Астана тұр, мұнда бір бөлмелі пәтер шамамен 23 млн теңге тұрады.

 

фото: tengrinews.kz

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/09/2026 10:15
0

Уведомление