Популярные тэги

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: IBF-тің шешімі жарияланды

International Boxing Federation (IBF) барлық салмақ дәрежелері бойынша боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Masa media.


06/03/2026
18:38 47 0

 Sports.kz-тің жазуынша, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы соңғы мельдонийге қатысты дисквалификациясына қарамастан, орта салмақта чемпион болып қала берді. Еске салсақ, өткен айда World Boxing Organization (WBO) Әлімханұлын бір жылға (2 желтоқсанға дейін) шеттеткен еді, алайда оны чемпиондық титулынан айырған жоқ. Жәнібекке қатысты жағдай бойынша IBF әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

Сұлтан Заурбек екінші жартылай жеңіл салмақтағы рейтингте бұрынғыдай үшінші орында тұр. Ал алғашқы екі орын әзірге бос. Бұл салмақтағы чемпиондық титул мексикалық боксшы Эмануэль Наварретеге тиесілі.

 

Еске салайық, Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсетуіне байланысты оның үш чемпиондық белбеу үшін кубалық боксшы Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жегі өтпей қалды. Бұл кездесу 7 желтоқсанда АҚШ-та өтуі тиіс еді. VADA ұйымы жүргізген тест нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлынан тыйым салынған препарат қабылдағаны анықталды.

 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлының командасы түсініктеме дайындап жатыр және спортшының кінәсіздігін дәлелдеу немесе тыйым салынған заттың қалай анықталғанын анықтау үшін істі толық қарау рәсімін талап етпек.

Поделиться

Нет комментариев.

06/03/2026 18:38
47 0

Уведомление