Әлемдегі ең бай 10 адамның дәулеті бір айда күрт кеміді

Бұған технологиялық компаниялар акцияларының арзандауы себеп болған.


04/11/2026
10:40 0

Forbes басылымының мәліметінше, әлемдегі ең бай он адамның жалпы байлығы бір айда 273 млрд долларға қысқарып, 2,8 трлн долларға дейін төмендеді. Бұған компаниялардың қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауы және жасанды интеллектіні дамытуға жұмсалатын шығынға қатысты алаңдаушылық әсер еткен.

 

Бір айда ең көп шығынға ұшыраған – Илон Маск. Оның байлығы 68 млрд долларға азайып, 869 млрд долларды құрады. Бұған SpaceX акцияларының 11 пайызға арзандауы себеп болған. Маск капиталының 80 пайызға жуығы осы компанияның үлесіне тиесілі. Tesla акциялары 13 пайыз қымбаттағанымен, бұл шығынның орнын толтыра алмады.

 

Google негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж 53 млрд доллар жоғалтты. Оның байлығы 233 млрд долларға дейін қысқарды. Ал компанияның тағы бір негізін қалаушы Сергей Брин 49 млрд доллар жоғалтып, капиталы 214 млрд долларға бағаланды. Бір айда Google-дың бас компаниясы Alphabet акциялары 18 пайыздан астам арзандаған.

 

Dell Technologies негізін қалаушы Майкл Делл мен Meta басшысы Марк Цукербергтің байлығы да 40 млрд доллардан кеміді. Қазір олардың капиталы тиісінше 229 млрд және 211 млрд долларды құрайды.

 

Nvidia негізін қалаушы Дженсен Хуанг 22 млрд доллар жоғалтып, байлығы 178 млрд долларға дейін азайды. Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисонның капиталы 8 млрд долларға қысқарып, 172 млрд доллар болды. Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы да 8 млрд долларға кеміп, 361 млрд долларды құрады. Соған қарамастан, ол әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орында тұр.

 

фото:ehandbook.com

Поделиться

Нет комментариев.

04/11/2026 10:40
0

Уведомление