«Әлем аруы – 2026»: Қазақстан аруы үздік нәтиже көрсете алмады
Алина Ри негізгі кезеңде үздік нәтиже көрсете алмағанымен, ұлттық киімдер шеруінде көпшіліктің назарын аударды.
«Әлем аруы – 2026» халықаралық сұлулық байқауында тәжге 116 үміткер таласты. Қазылар алқасы іріктеу кезеңдерінен кейін үздік 30 қатысушыны таңдады. Алайда олардың қатарында Қазақстан аруы болмады.
Суға түсу киімімен өткен сән көрсетілімінен кейін қатысушылар саны 12-ге дейін қысқарды. Ал 24 қарашада байқаудың бес финалисі анықталды. Олар – Филиппин, Жаңа Зеландия, Венесуэла, Доминикан Республикасы және Пуэрто-Рико өкілдері. Пуэрто-Рико аруы Дженнифер Баррето тәж иегері атанды.
Қазақстандық ару негізгі кезеңде үздік нәтиже көрсете алмағанымен, ұлттық киімдер шеруінде көпшіліктің назарын аударды. Бұған дейін оның «Әлем аруы – 2026» байқауындағы ұлттық киімдер бойынша үздік 15 образдың қатарына енгені хабарланған.
«Алтын бүркіт: Қазақстан рухы» деп аталған киімді отандық SV Muse бренді әзірлеген. Образ елдің мемлекеттік туына арналған. Костюмнің басты ерекшелігі – қанатының құлашы 4,5 метр болатын механикалық алтын бүркіт қанаттары. Сондай-ақ киім табиғи қауырсындармен, алтын шілтермен және 10 мыңнан астам сәндік таспен безендірілген.
10:07
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.