«Кітап оқитын ұлт»: Жылдың үздік оқырмандары 10 миллион теңгеден алады
Елімізде «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы бастау алды.
Жеңімпаздарға – 10 млн теңге
Бұл бастама Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамыту және зияткерлік ұлт қалыптастыру туралы жарлығы аясында жүзеге асырылуда.
Марафон аясында әрбір қатысушы өз санаты бойынша 15 кітап оқып, интеллектуалды сайыстарда білімін сынайды. Марафон 6 айға созылады. Келесі жылдың наурыз айында аудандық, қалалық және облыстық деңгейде 4 мыңға жуық жеңімпаз қаржылай сыйлыққа ие болады. Ал республикалық кезеңде жылдың 10 оқырманы анықталып, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні олардың әрқайсысы 10 миллион теңгемен марапатталады.
Жобаға кімдер қатыса алады?
Оған оқушылар, студенттер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, жазушылар, журналистер және басқа да тілек білдірушілер қатыса алады. Министрдің айтуынша, жобаға қызығушылық жоғары. Алғашқы екі аптада платформада миллионнан астам қазақстандық тіркелген.
Қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып шығып, кейін зияткерлік сайыстар барысында шығармаларды білетіндерін көрсетуі керек. Жоба қорытындысы бойынша 4 мыңға жуық жеңімпаз ақшалай сыйлықтарға ие болады. Әр өңірден шыққан үздік оқырмандар республикалық финалда кездеседі.
Ақтық кезеңде жылдың 10 оқырманы анықталады. Жеңімпаздарды 23 сәуірде- Ұлттық кітап күнінде жариялау жоспарланып отыр. Үздік он қатысушының әрқайсысына 10 миллион теңге көлемінде арнайы сыйлық беріледі.
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев платформада өзі де тіркелгенін және марафонға «Парасат» санаты бойынша қатысатынын хабарлады. Сондай-ақ министр өз әріптестерін, үкімет мүшелерін, Құрылтай депутаттарын, әкімдерді, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлерін жобаға қосылуға шақырды.
12:23
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.