Популярные тэги

Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы елдің ядролық күштерін басқарады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жасөспірім қызы Ким Чжу Эні КХДР-дың ядролық күштерінің басшысы етіп тағайындады деген ақпарат тарады.


25/02/2026
08:21 26 0

Дереккөз

 

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның The Chosun Daily газеті барлау қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

 

Басылым мәліметінше, жағдайдан хабардар жоғары лауазымды үкімет өкілдері барлау органдары Ким Чен Ынның қызы «зымыран жүйесінің бас директоры» қызметіне келгені жөнінде ақпарат алғанын айтқан.

 

Мақалада КХДР көшбасшысының қызы соңғы уақытта елдің саяси және әскери істеріне белсендірек араласа бастағаны айтылады. Басылымның жазуынша, небәрі 13 жасында ол стратегиялық қару-жараққа қатысты тапсырмалар бере бастаған.

 

Генерелдардан есеп алатын жасөспірім

 

«Ким Чен Ын қызын ядролық және зымыран сынақтары өтетін полигондарға жиі апарып жүр. Барлау мәліметтері бойынша, әскери құрылымдарды бақылауды күшейту үшін ол қызын «зымыран бөлімшесінің бас директоры» қызметіне қойған. Сондай-ақ Кимнің қызы генералдардан есеп алып, тапсырмалар беріп жүр», - деп жазады басылым.

 

КХДР басшылығындағы өзгерістермен қатар, елде соңғы жылдардағы ең маңызды саяси жиындардың бірі өтіп жатыр. Дүйсенбі күні Пхеньянда 19 ақпанда басталған партия съезінің пленарлық отырысы өтті. Жиында 2021 жылғы съезден бергі ел дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы бес жылға арналған жаңа мақсаттар айқындалмақ.

 

Фото : KCNA

Поделиться

Нет комментариев.

25/02/2026 08:21
26 0

Уведомление