Хьюстонда Қазақстанның Бас консулдығы ашылды
Енді Техас пен консулдық қызмет көрсететін басқа штаттарда тұратын қазақстандықтар құжаттарын рәсімдеп, қажет көмекті өз өңірінде ала алады. Ол үшін бұрынғыдай АҚШ-тың өзге қалаларына барудың қажеті жоқ,
Қазақстанның Хьюстондағы Бас консулдығы 2026 жылғы 20 қарашада ресми түрде жұмысын бастады. Алғашқы күні-ақ консулдық қызметкерлері келушілерді қабылдаған.
Енді АҚШ-та тұратын Қазақстан азаматтары қажетті құжаттарын рәсімдеу, құқықтық көмек алу және басқа да консулдық мәселелер бойынша осы мекемеге жүгіне алады. Бұған дейін бұл өңірдің тұрғындары мұндай қызметтерді алу үшін АҚШ-тың басқа қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерге баруға мәжбүр болған.
Жаңа консулдық азаматтарға көмек көрсетумен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысты нығайтуға да атсалысады.
Атап айтқанда, екі елдің сауда, инвестиция, білім беру, мәдениет және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту көзделіп отыр. Сонымен қатар, Бас консулдық шетелде тұратын қазақстандықтарға қолдау көрсетіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналысады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Хьюстон билігі 16 желтоқсанды қалада Қазақстанның Тәуелсіздік күні ретінде ресми түрде таныған болатын.
16:05
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.