Хаменеидің бас кеңесші АҚШ пен Израильден кек алуға ант берді
Иран ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ-тан кек алуға ант берді, деп хабарлайды Masa media.
«Жүрекке соққы»
Әли Лариджани бұл туралы мемлекеттік телеарна эфирінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Ұлтымыз өзгелердің Иранды бөлшектеуіне жол бермейді. АҚШ пен Израиль иран халқының жүрегіне соққы жасады. Біз де олардың дәл жүрегіне соққы береміз», – деп мәлімдеді ықпалды саясаткер.
CNN телеарнасының мәліметінше, Лариджани Әли Хаменеидің басты кеңесшілерінің бірі болды, Иран билігінде шешім қабылдайтын ықпалды саясаткер.
Оның мәлімдеуінше, Иран қарулы күштерінің қарымта әрекеті одан бетер қатаң болады.
Мұның алдында Дональд Трамп Иран билігіне қатаң ескерту жасап, Тегеран қарымта шабуыл жасаса, АҚШ бұрын-соңды болмаған жойқын соққы жасайтынын мәлімдеген.
Таяу Шығыстағы шиеленіс
Еске салайық, 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль күштері Иранды атқылады. Сенбі күні таңертең Тегеран орталығындағы резиденцияға жасалған соққыдан аятолла Әли Хаменеи мерт болды. Ел билігі бастапқыда оның қаза тапқанын жоққа шығарып, 1 наурызға қараған түні ғана растады.
Қарымта әрекет ретінде Иран Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық базаларды, сонымен бірге Израильді де атқылай бастады. БАӘ, Катар және Бахрейнге соққы жасады. Абу-Даби және Дубай әуежайларына шабуылға ұшырады.
13:06
23
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.