Халық әртісінің үндеуінен кейін ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат берілмек

Елімізде музыкалық аспаптарды әуе арқылы тасымалдау мәселесі заңнамалық тұрғыда реттеліп жатыр, деп хабарлайды Masa.media.


19/03/2026
13:16 34 0

Толығырақ

 

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, мамырдан бастап қазақстандықтар музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыраны ұшаққа кедергісіз алып кіре алады.

«Бір ай ішінде біз жолаушылар мен жүктің тасымалдануы туралы ережелерге тиісті өзгерістер енгіземіз. Онда қандай тәртіппен музыкалық аспапты тасымалдауға болатыны нақты көрсетілетін болады», – дейді вице-министр.

Жаңа ережелерде аспаптың нақты көлемі, қандай тәртіппен тасымалданаты бекітілмек. Талап барлық әуе компанияларына ортақ болады.

 

«Қоғам тарапынан сұраныс бар, музыкалық аспаптарды тасымалдауға қатысты нақты кейстер болған. Сондықтан жалпы ережелер болуы үшін және әуе компаниялары осыған сүйене алуы үшін, азаматтық авиация комитеті осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр», – деп атап өтті Ластаев.

 

Мақпал Жүнісованы ашуландырған оқиға

 

Еске салайық, жуырда Қазақстан халық әртісі Мақпал Жүнісова бас киім мен домбыра үшін 65 мыңға ұшаққа билет алғанын айтқан еді. Әнші осыған дейін де аспабын ұшақ бортына кіргізу кезінде қиындықтарға тап болған.

 

«Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, бортқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім», – деп жазды халық әртісі.

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/03/2026 13:16
34 0

Уведомление