Каспийдегі әскерилер өлімі: Қарулы күштердің бес лауазымды өкілі ұсталды

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты Қазақстан Қарулы күштерінің жоғары және аға басшылық құрамындағы бес өкілі ұсталды.


25/09/2026
13:42 0

Кімдер ұсталды?

 

Күдіктілердің қатарында Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы бар. Бұдан бөлек, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскері ротасының командирі және катер командирі ұсталған.  Олар қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды.

 

 

– Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ІІМ.

 

 

Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушев биыл мамырда Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушев әскердің жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтағаны және қызметіндегі табыстары үшін Б. Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

 

 

Каспийдегі трагедия

 

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу өтіп жатқан кезде ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Соның салдарынан бір топ әскери қызметшіні теңіз алып кетті.

 

Нақтыланған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

 

Қайғылы оқиғадан кейін тергеу басталды. Қазір іс қызметке салғырт қарау және ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық, сондай-ақ кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша тергеліп жатыр.

 

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

 

фото: ІІМ

Поделиться

Нет комментариев.

25/09/2026 13:42
0

Уведомление