Каспийдегі 12 әскери қызметшінің өліміне кім кінәлі екені анықталды

Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайға байланысты жүргізілген тергеу нәтижесінде командирлер қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, құтқару жұмыстарын да тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны анықталды.


25/09/2026
10:32 0

Кімдер күдікке ілінді

 

Тергеу Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты күдікке ілінген адамдарды анықтады. Мамандар оқиға болған жерді қарап, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алған. Сондай-ақ құжаттар мен бейнежазбалар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалған.

 

Қызметтік міндетіне салғырт қарады деген күдікке бірқатар лауазымды тұлға ілінді. Тергеу нұсқасы бойынша, олар ауа райы жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін тиісті деңгейде бақыламаған. Бұдан бөлек, құтқару жұмыстары да дұрыс ұйымдастырылмаған. Соның салдарынан адам өліміне жол берілген.

 

Тергеу барлық күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

 

Каспийдегі трагедия

 

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу өтіп жатқан кезде ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Соның салдарынан бір топ әскери қызметшіні теңіз алып кетті.

 

Нақтыланған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Қайғылы оқиғадан кейін тергеу басталды. Қазір іс қызметке салғырт қарау және ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайдылық, сондай-ақ кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша тергеліп жатыр.

 

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

 

фото: Қорғаныс министрлігі

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/09/2026 10:32
0

Уведомление