Каппадокияда туристердің үстіне жартас құлады

Түркияның Каппадокия аймағындағы танымал туристік орында жартас опырылып, үш адам көз жұмды. Тағы бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


30/10/2026
08:20 0

Haberler басылымының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 29 қазанда күндіз болған. Каппадокиядағы маңызды туристік орындардың бірі саналатын Гёреме ашық аспан астындағы музейінің кіреберіс қақпасы маңында жартас құлаған. Алдын ала болжам бойынша, бұған нөсер жауын себеп болуы мүмкін.

 

Құлаған жартас үйіндісінің астынан үш адамның денесі табылды. Олардың екеуі – Түркия азаматтары. Үшінші марқұмның кім екені әзірге анықталған жоқ. Тағы бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

 

Оқиғаға байланысты бас прокуратура тергеу бастады. Басылымның жазуынша, бұл – аталған аумақтағы алғашқы жартас опырылуы емес.

 

2024 жылы да Каппадокияда қар жауғаннан кейін туф жыныстарының босаңсуынан жартас түн ішінде қатты гүрсілмен құлаған. Ол кезде зардап шеккендер болған жоқ, материалдық шығын да тіркелмеген.

 

Ал 2025 жылы осы маңдағы жартастың бір бөлігі опырылып түскен. Оқиға орнына жеткен жандармерия қызметкерлері айналада қауіпсіздік шараларын күшейткен.

 

Поделиться

Нет комментариев.

30/10/2026 08:20
0

Уведомление