Италиядағы тосын нәтиже: «Қайрат» әйгілі «Аталантамен» тең түсті
Алматылық «Қайрат» Италияда өткен Конференция лигасының матчында әйгілі «Аталантамен» тең түсіп, жанкүйерлерін қуантты.
Ойын тартысты өтті. Кездесудің 53-минутында Марк Гуаль «Қайратты» алға шығарды. Алайда өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауымен ойнаған италиялық клуб жеңілісті мойындағысы келмеді. Матчтың 82-минутында Никола Крстович есепті теңестірді.
Ойынның соңына қарай «Аталанта» қарсыласына қысымды күшейтті. Дегенмен алматылық футболшылар қарсылық танытып, есепті сақтап қалды. Осылайша ойын 1:1 есебімен аяқтады.
Алматылық клуб келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында швециялық «Мьельбюге» қарсы өткізеді.
07:50
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.