Иранның жаңа жоғарғы көсемі сайланды
Әли Хаменеидің ұлы елдің Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланды, деп хабарлайды Masa media Iran International басылымына сілтеме жасап.
Толығырақ
Тегеран бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Iran International мәліметінше, 56 жастағы Моджтаба Хаменеиді сайлау туралы шешімді сарапшылар кеңесі қабылдаған. Басылым дауыс беру Ислам революциясының қамқоршылар корпусының қысымымен өткенін атап өтті. Бұдан бұрын сарапшылар жоғары діни билікті әкеден балаға беру шиит дінбасыларының дәстүрлеріне сәйкес келмейтінін және ел ішінде дау тудыруы мүмкін екенін айтқан.
Моджтаба Хаменеи – Әли Хаменеидің екінші ұлы. Әкесінің көзі тірісінде ол елдегі ықпалды адамдардың бірі болды және Ислам революциясының қамқоршылар корпусымен, «Басидж» ұйымымен тығыз байланыста болды.
Таяу Шығыстағы шиеленіс
Еске салайық, 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль күштері Иранды атқылады. Сенбі күні таңертең Тегеран орталығындағы резиденцияға жасалған соққыдан аятолла Әли Хаменеи мен оның отбасы мүшелері мерт болды. Ел билігі бастапқыда оның қаза тапқанын жоққа шығарып, 1 наурызға қараған түні ғана растады.
Қарымта әрекет ретінде Иран Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық базаларды, сонымен бірге Израильді де атқылай бастады. БАӘ, Катар және Бахрейнге соққы жасады. Абу-Даби және Дубай әуежайларына шабуылға ұшырады.
06:41
63
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.