Ирандағы наразылық: ереуілшілер саны 30 млн-ға жетті
Ирандағы көтеріліс ушыға түсті. Қақтығыстар кезінде қаза тапқандар саны 2 мыңға жетті.
Фото: AFP
Толығырақ
Бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтарын қорғау ұйымының дерегінше, екі аптаға созылған көтеріліс кезінде қаза тапқандар саны 500-ден асты: 490 ереуілдеуші мен қауіпсіздік күштерінің 48 қызметкері мерт болды. Ұйым бұған қоса 10 600-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады.
Иран билігі елдегі толқулар кезінде нақты қанша адам өлгені туралы әлі ресми дерек таратқан жоқ. Желіде тараған бейресми мәліметтер бойынша наразылық құрбандарының саны 2000-ға жетіп жығылған. Бұл туралы ирантанушы Жәнібек Көпжасар мәлімдеді.
«Кеше түнде әскер кіргізді деп айтып едім ғой. Тегераннан жеткен соңғы мәліметтер бойынша 216 адамның денесі туыстарына берілген. Олардың 9-ы жасы 18-ге толмаған жасөспірімдер. Тегерандағы мәйітханалар іші-сыртына дейін толып кеткен. Телеграм каналдар өлгендер саны 2000 адамнан асып кетті деп жатыр. Нәтижесінде, Мешхед, Тебриз бен Күрдістанда ереуілшілдер саны анағұрлым азайған. Бірақ, Тегеранда көбейген. Бейресми ақпарат бойынша кеше кешке бүкіл Ирандағы (жүзден аса елдімекен) ереуілшілдер саны 30 млн жуықтаған», – дейді Көпжасар.
Наразылық
Ирандағы толқулар 2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған. Халық ұлттық валютаның құнсызданып, бағаның көтерілуіне наразылық білдіруде. Жыл аяғында 1 доллар құны 1,42 млн риалға жеткен. Алғашында акциялар бағаның өсуіне байланысты басталғанымен, көп ұзамай саяси сипат алып, үкіметке қарсы кең ауқымды наразылықтарға ұласты.
CNN дерегінше, Тегеран үш тәулікке созылатын аза тұту күндерін жариялады. Жергілікті билік Ирандағы толқуларды елге қарсы жасалған жаппай тәртіпсіздік деп бағалайды.
Al Jazeera жазуынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан елді екі аптадан бері шарпыған жаппай наразылықтар аясында экономикалық реформалар жүргізуге уәде берді. мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында ол риториканы жұмсартуға тырысып, билік қоғаммен диалогқа дайын екенін және «халықтың үнін естіп отырғанын» мәлімдеді. Сонымен қатар президент зорлық-зомбылықтың ушығуына АҚШ пен Израильді кінәлап, оларды ондаған адамның өмірін қиған тәртіпсіздіктерді қоздырып жатыр деп айыптады.
11:03
28
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.