Популярные тэги

Иран шабуылынан әлемдегі жалғыз жеті жұлдызды қонақ үй өртенді

Дубайдағы Burj Al Arab қонақ үйі 1 наурызда таңертең иран дрондарының шабуылынан отқа оранды, деп хабарлайды Masa media.


01/03/2026
07:38 27 0

Burj Al Arab ғимаратының бір бүйірі өртеніп жатқан сәті таспаланған видеолар әлеуметтік желілерде тарады. 60 қабаттан тұратын ғимарат бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейін өртенген. 

 

Дубай үкіметі қонақ үйге дрондар шабуылынан өртенгенін растады.

«Билік дронды қағып үлгергенін растады. Оның қалдықтарынан Burj Al Arab қонақ үйінің қасбеті аздап өртенді», – делінген Дубай үкіметінің ресми хабарламасында.

Хабарламада зардап шеккен азаматтар туралы мәлімет жоқ.

 

Еске сала кетейік, кеше Израиль Иранға соққы жасады. Іле-шала Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға соғыс жариялағанын ресми мәлімдеді.

 

Тараптардың бір-біріне соққысы үдей түсіп, кеше таңертең Дубайдағы халықаралық әуежай да дрон шабуылына ұшырады.

Поделиться

Нет комментариев.

01/03/2026 07:38
27 0

Уведомление