Популярные тэги

Иран мен Ресей құпия келім жасасты

Тегеран мен Мәскеу арасында құны 500 млн еуро болатын қару-жарақ жеткізу туралы құпия келісім жасалған.


23/02/2026
09:28 29 0

РБК-ның жазуынша, келісім аясында «Верба» зениттік кешендері мен оларға арналған 2,5 мың зымыран беру көзделген. Бұл ислам республикасының әуе қорғанысы жүйесін толықтыру үшін қажет. Былтыр Израильмен болған қақтығыс кезінде Иранның әуе қорғанысы айтарлықтай әлсіреген.

 

Financial Times газеті қолына түскен құжатқа және келісімнен хабардар дереккөздерге сүйене отырып, келісімге өткен жылдың желтоқсанында Мәскеуде қол қойылғанын жазды. Қару-жарақ жеткізу 2027–2029 жылдарға жоспарланған.

 

Кейбір қондырғылар Иранға қазірдің өзінде берілуі мүмкін. Әңгіме 500 дана «Верба» тасымалды зениттік қондырғысы мен оған арналған 2,5 мың зымыран туралы болып отыр. Бір зымыранның бағасы – 170 мың еуро, ал қондырғының құны – 40 мың еуро. Келісімшартқа сондай-ақ «Маугли-2» түнгі көру құрылғыларының 500 данасы енгізілген.

 

Келісімді Рособоронэкспорт пен Иран Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі өкілдігі (MODAFL) жасаған. Алайда ресейлік мемлекеттік компания басылымның сауалына жауап бермеген, ал Кремль журналистердің сұрақтарына пікір білдіруден бас тартқан.

 

Айта кетейік, жуырда Иран президенті Масуд Пезешкиан Владимир Путинмен өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндік ашатынын айтқан.

Поделиться

Нет комментариев.

23/02/2026 09:28
29 0

Уведомление