Популярные тэги

Иран көсемі Хаменеи мерт болды – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи мерт болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Masa media.


01/03/2026
07:28 25 0

«Тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі Хаменеи мерт болды», – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне.

Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, аятолла америкалық «барлау мен технологиясы жоғары іздеу жүйесінен қашып құтыла алмаған».

 

Трамп Хаменеимен бірге тағы бірнеше шенеунік «өлтірілгенін» мәлімдеді, бірақ олардың аты-жөнін атаған жоқ.

«Иран халқы үшін елді өзіне қаратудың ұлы мүмкіндігі туды. Ислам революциясы сақшылары корпусыны, армия және басқа да қауіпсіздік күштері, полиция бізден соғысқысы келмейтінін, бізден қорған іздейтінін естіп отырмыз», – дейді ол.

АҚШ президенті  Таяу Шығыста бейбітшілік орнамайынша «апта бойы соққылар жалғаса беретінін» ескертті.

 

Айта кетейік, Трамптан бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да Иранның жоғары көсемі «мерт болғанын меңзейтін жайттар көп» екенін мәлімдеген. Иран әзірге Хаменеидің қаза тапқанын растаған жоқ.

Поделиться

Нет комментариев.

01/03/2026 07:28
25 0

Уведомление