Илон Маск Twitter бағасын әдейі төмендеткен – сот шешімі
АҚШ-та сот алқасы кәсіпкер Илон Масктың Twitter әлеуметтік желісін сатып алу алдында оның бағасына әдейі ықпал еткенін анықтады.
Bloomberg агенттігінің жазуынша,Сан-Францискода өткен сот процесінде алқабилер Маск 2022 жылы Twitter туралы жарияланымдары арқылы компанияның беделіне нұқсан келтіріп, оны бастапқы ұсынылған 44 миллиард доллардан төмен бағамен сатып алуға тырысқан деген шешімге келді.
Бұған дейін миллиардердің адвокаттары оның жазбалары компания құнын түсіруге бағытталмағанын алға тартқан еді.
Bloomberg мәліметінше, 2022 жылдың сәуірінде Morgan Stanley, Bank of America және тағы бес банк Илон Масктың Twitter-ді сатып алуын қаржыландыруға келіскен. Олар кейін бұл қарыздарды инвесторларға сату арқылы комиссиялық табыс табуды жоспарлаған.
Алайда мәміле аяқталғанға дейін нарықтағы жағдай күрт нашарлап, инвесторлар Twitter қарыздарына қызығушылық танытпаған. Соның салдарынан банктердің балансында өтелмеген несиелер екі жылдан астам уақыт бойы сақталып қалған.
Фото: panorama.pub
06:56
22
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.