Илон Маск АҚШ-тың әр баласына SpaceX-тің екі акциясын сыйламақ

Оның біреуін компания, екіншісін Маск өз атынан ұсынбақ.


27/11/2026
13:44 0

25 қарашада SpaceX балаларға арналған Trump Account инвестициялық шоттарының әрқайсысына А санатындағы бір жаңа акциядан беретінін жариялады. Ал Илон Маск бұл сыйлықты өз акциясынан тағы біреуін қосып, еселемек.

 

Trump Account – АҚШ-тағы балалардың болашағына ұзақ мерзімге қаржы жинауға арналған арнайы инвестициялық шот. Демек, ата-аналарға ақша үлестірілмейді, акциялар балалардың есепшотына аударылады. SpaceX акциялары қор нарығында саудаланады. Сондықтан сыйлықтың ақшалай құны нарықтағы бағаға қарай өзгеріп отыруы мүмкін.

 

Компанияның президенті әрі операциялық директоры Гвинн Шотвелл де SpaceX-тің екі миллионнан астам акциясын жеке өзі сыйға тартатынын мәлімдеді. Компания бұл бастаманы АҚШ-тың келер ұрпағына салынған инвестиция деп бағалап отыр.

 

Алайда бұл уәде акциялар балалардың шотына аударылып қойды дегенді білдірмейді. SpaceX мәлімдемесінде әзірге қолданыстағы Trump Account шоттарына акция бөлу жоспары ғана айтылған.

Поделиться

Нет комментариев.

27/11/2026 13:44
0

Уведомление