GTA VI трейлері қазақша сөйлейді: Қазақстандық мұғалім ерекше қосымша әзірледі
Жаңа қосымша видеодағы шетел тіліндегі сөздерді қазақшаға аударып, автоматты түрде дыбыстайды.
Қазақстанда шетелдік YouTube видеоларын қазақ тілінде тыңдауға мүмкіндік беретін DybysDub қосымшасы әзірленді. Жобаның авторы – математика пәнінің мұғалімі Дәуіт Сұраған.
Жаңа сервис видеодағы шетел тіліндегі сөздерді қазақшаға аударып, автоматты түрде дыбыстайды. Осылайша көрермендерге контентті субтитр арқылы оқудың қажеті жоқ.
DybysDub әзірге Android құрылғыларына, сондай-ақ ноутбук пен компьютерге арналған. Компьютерде сервисті Yandex немесе Google Chrome браузерлері арқылы пайдалануға болады. Ол үшін Chrome Web Store дүкенінен қосымшаны орнатып, YouTube-тен қажетті видеоны ашу керек. Содан кейін DybysDub функциясын қосып, аударма тілін таңдау жеткілікті.
Қосымшаның ерекшелігі – видеодағы адамның дауысын ғана емес, сөйлеу мәнері мен интонациясын да барынша сақтап, сөзін қазақша жеткізуі. Мәселен, «Хәрри Поттер» фильміндегі кейіпкерлердің факультетке бөліну көрінісін қосымша арқылы қазақша тыңдауға болады. DybysDub іске қосылғанда Рон, Хәрри және Сұрыптау қалпағы қазақ тілінде сөйлейді.
Жобаның мүмкіндігін көрсету үшін Дәуіт Сұраған танымал GTA VI ойынының трейлерін де қазақша дыбыстаған.
Қазір сервис алты шет тілін қолдайды. Ол YouTube-тегі толықметражды видеоларды ғана емес, қысқа форматтағы Shorts роликтерін де аудара алады. Жаңа қосымша шетелдік видеоларды түпнұсқа тілін білмей-ақ түсінуге, сонымен бірге қазақ тіліндегі цифрлық контенттің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
16:57
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.