Головкин басқаратын ұйымға Ресей мен Беларусь қосылды

World Boxing халықаралық федерациясына тоғыз жаңа ұлттық федерация қосылды.


20/03/2026
13:56 30 0

Головкин басқаратын ұйымға мүше мемлекеттер саны 168-ге жетті. Жаңадан қосылған 9 мемлекеттің қатарында Ресей мен Беларусь те бар.

 

Ресейлік және беларусьтік боксшылар жарыстарға AIN (жеке бейтарап спортшы) мәртебесімен қатысады. Яғни, бұл елдердің мемлекеттік туы мен әнұраны қолданылмайды. Бұдан бөлек, спортшылардың әскери немесе полиция құрылымдарымен (ЦСКА, Динамо т.б.) байланысы болмауы тиіс. Сондай-ақ, боксшылардың Украинадағы соғысты қолдамау жөніндегі ұстанымы қатаң тексеріледі.

 

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылы Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында да дәл осындай ережелерді қолданған.

 

Мамандар ресейлік боксшылардың келуі бәсекені арттырады деген сенімде. Өйткені соңғы кездері World Boxing аясындағы турнирлерде Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары ғана өзара тайталасып келеді.

Поделиться

Нет комментариев.

20/03/2026 13:56
30 0

Уведомление